02
Сенбі,
Қараша

һижри

Қажылық орындарын конкурс тәсілі арқылы бөлу нәтижесі

Қажылық орындарын конкурс тәсілі арқылы бөлу нәтижесі

Жаңалықтар
Жарнама

Сауд Арабия Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымы үшін Қазақстанға 10000 (он мың) қажылық орнын ұсынды.

Алдағы жаңа қажылық маусымында да САК Қажылық және ұмра министрлігінің талабы бойынша қажылықтың электронды жүйесіне тіркеліп, сол жүйеден алынатын қызмет түрлеріне (қонақ үй, Мина, Арафат және т.б. қызметтері) қаражаты төленген кісі санының көлеміне сай, Қазақстан азаматтары үшін қажылық орындарының саны анықталады.

Осыған орай, алдағы қажылық маусымында қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (әрі қарай – ҚМДБ) қажылық орнын бөлу үшін ашық жариялаған конкурс бойынша 24 қыркүйек пен 9 қазан аралығында туроператорлардан құжаттар қабылдады.

Туроператорларды таңдауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу» туралы ҚМДБ ережесі қолданылды.

Конкурсқа 21 туркомпания құжат жіберді. Конкурсқа қатысудың негізгі талаптарына сәйкес келетін 15 туроператор конкурсқа жіберілді. Қалған 6 туркомпания ішінде екі туркомпанияның лицензиясы ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес келмеді. Бір турагент өтініш қана жіберіп, туроператорлық лицензиясын ұсына алмады. Сонымен қатар үш туроператордың тәжрибесі әлі 5 жылға толмағаны себебінен конкурсқа жіберілмеді.

Туроператорлардан келген өтініштер мен талап етілген құжаттар ортаға салынып, әрқайсысы мұқият қаралды. Комиссия мүшелері жоғарыдағы ережеге сүйене отырып туроператорларды балдық жүйемен бағалады.

Қолданыстағы «Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын» негізге алып қаржылық мүмкіншілігіне қарай қажылық орындарын алатын туроператорлар тізімі уәкілетті органға таныстырылды.

Конкурстан өтіп, Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігіне қарасты қажылықтың электронды жүйесіне ресми тіркелетін 15 туроператор жинаған қажылары мен қаржылық мүмкіншілігіне қарай қажылық орындарын алатын болады.

Ал, қажылық пен ұмра саласында тұрақтылығын көрсетіп 5 жылдық тәжрибе жинау мақсатында жұмыс жасап жүрген туроператорлар конкурстан өткен ресми 15 туроператордың бірімен агенттік келісім-шарт құруы негізінде 50 (елу) қажылық орнына дейін алуына болатындығы хабарланады.

ҚМДБ Қажылық бөлімі

Бөлісу: