Жуырда Қазақстанның бас қаласы Астанада бірегей мешіт пайда болмақ.
Мешіттің бірегейлігі - оның ерекше пішінінде, сәулетшілердің айтуынша, ғимараттың жобалау негізіне символизм мен авангард стилі алынған екен.
Үстінен қарағанда мешіт гүлге ұқсап және де алмаздың жақтарын еске түсіретін болады. Ал мешіттің ішкі жағы бірегей дизайнмен таңқалдырмақ, әсіресе, қабырғадан бөлек тұрғандай әсер қалдыратын михрабтың орналасуы ерекше көз тартатын болады.
Жаңа мешіт қазақ халқының өзіне тән стилі мен авангардтың қосындысына айналмақ. Қазіргі таңда дүниежүзінде мешіттің классикалық түрінен басталып, авангард стилімен аяқталатын мүмкін болған жобалары мен үлгілері көп. Бұл дін қағидаларын еш бұзбайды, тек Алла үйінің бастапқы қасиетін сақтап, заманауи әрі заманға сай болатынын ғана көрсетеді, СубханАлла!