06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Парламент террористік актіге қатысушыларды азаматтығынан айыру туралы заң қабылдады

Ел іші
Жарнама

ҚР Парламенті мәжілісінің пленарлық отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне олардың Конституция нормаларына сәйкес келуін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына жасалған Сенат түзетулеріне келісетіндіктерін мәлімдеді.

«Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ҚР кейбір заңнамалық актілеріне олардың Конституция нормаларына сәйкес келуін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына жасалған Сенат түзетулерін қарады» деді мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

«Конституцияға сәйкестеу үшін 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізу талап етіледі. Қылмыстық жазаның қосымша түріне ҚР ҚК 21 бабымен азаматтықтан айыру қарастырылмақ. Мәселен, ҚР ҚК 10 бабында қарастырылған аса ауыр террористік қылмыстың 14 құрамы бойынша азаматтықтан айыру жазасы бар» деп атап өтті ол.

Мысал ретінде ведомство басшысы «террористік акті, террористік топ құру және жетекшілік ету, оның қызметіне қатысу» және тағы басқа қылмыстарды атап көрсетті.

«Елдің маңызды мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстардың ҚР ҚК 11 бабы бойынша 16 түрі енгізілген. Мәселен, геноцид, сепаратистік қызмет, террористік топ құру, жетекшілік ету немесе оның қызметіне қатысу. Осыған қатысты жазаны қылмыстық істің жағдайы, ауырлығы және салдарының ауырлығы негізінде сот арқылы тағайындалады» деді Бекетаев.

Kazislam.kz

Бөлісу: