07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ өкілі «Еуразия Пәтуа Комиссиясын» құру туралы жиынға қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

2016 жыл қазан айының 11-14-жұлдыздарында Стамбул қаласында өткен 9-Еуразия Ислам Кеңесінде, осы кеңеске мүше болып табылатын елдерден келген өкілдердің бір ауыздан мақұлдауымен аталмыш кеңестің комиссиялары жанынан пәтуә комиссиясы құрылған болатын. Себебі, соңғы жылдарда Ислам әлемінде болып жатқан өзгерістер, Ислам Кеңесіне мүше болып табылатын мекемелермен бірлесе отырып осы кеңестің қызметін арттыра түсуге мәжбүр екендігін айқындай түсті.

Кеңестің негізгі мақсаты Ислам Кеңесіне мүше елдердің пәтуәға жауапты мамандарының бас қосу арқылы құрылатын пәтуә комиссиясымен, жергілікті және әлемдік деңгейдегі фикһи мәселелер мен үмметімізге ортақ тақырыптардың ауқымды көзқарастарын назарға ала отырып, перспектифті түрде шешу және сол шешімді бір ауыздан іс жүзіне асыру.

Осы орайда Түркия Дін Істері Басқармасы «Еуразия пәтуа комиссиясын» құру үшін Ислам кеңесіне мүше елдердің өкілдерін шақырып, 2017 жылдың мамыр айының 10-11 күндері Анкара қаласында Еуразия Ислам Кеңесі Пәтуа Комиссиясының 1-жиынын өткізді. Аталмыш жиынға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы қатысты. Жиында мұсылман қауымның амал жөніндегі мәселелерге, жеке-дара шешім іздеудің орнына, Исламның негізгі қағидаттары, мақасидуш-шәриға және заманауи мәселелерді де назарға ала отырып мәселеге жаңаша көзбен қарап дұрыс түсіну, ақылға салу және шешім қабылдау үшін истишараға жүгіну қарастырылды. Сондай-ақ бүгінгі таңда туындап жатқан көптеген жаңа пікірталастар, ғалымдардың бірлесе әрекет етіп, Исламның негізгі жолы және тамыры нық, ғылым дәстүрі шеңберінде осы мәселелрге бәрімізге ортақ жауаптар шығару қажеттілігі сөз болды.

Түркия Дін Істері Басқарма басшысы Еуразия кеңістігіндегі ежелден ұлы тұлғалардың бесігі болған осынау елдердің діни басқармаларының, осы тұрғыда жауапты ғалымдарынан тұратын фиқһ-пәтуә кеңесін құруы, тарихқа таңба басар қадам болар деген ойын айтты. Жиында Еуразия Пәтуа Комиссиясын құру туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Euw2

Euw3

Бауыржан Әлиұлы,

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы

Бөлісу: