07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Конфессияаралық келісім аллеясы» ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана қаласының рухани көшбасшыларының қатысуымен Тұңғыш президент саябағында  «Астана – ең таза қала» акциясы аясында «Конфессияаралық келісім аллеясы» атты ағаш отырғызу  іс-шарасы өтті.

Елорда әкімі Әсет Исекешевтің қолдауымен өткен шараны Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.

Игі шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Абуов Айдар Паркулұлы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Шекенов Мирас Ерғалиұлы және «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Орыс православ шіркеуі, Астана қаласының Евангельді-лютеран шіркеуі, «Вефиль» киелі евангельді христиан шіркеуі, Қазақстан діни бірлестіктер ассоциациясы директорының орынбасары, Пресветериан шіркеуі, «Толық евангелие» христиандық елуіншілер шіркеуінің рухани көшбасшылары қатысты.

Бас қаламыздың әсемдігі мен тазалығы елорданың әрбір тұрғыны үшін маңызды. Көпке үлгі-өнеге көрсету мақсатында рухани көшбасшылар салауатты қоғам қалыптастыруға үн қосып, көк желекті ағаштар отырғызды.

Ақорда мен Бейбітшілік пен келісім сарайы аралығындағы Президент саябағында өткен ағаш отырғызу шарасына ҚМДБ-ның наиб мүфтилері Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, мемлекет басшылары мен қоғам қайраткерлері өз қолдарымен ағаш отырғызған саябақ ішінде ағаш екті. Айта кетсек, ҚР Тұңғыш президентінің саябағы ішінде әлемге танымал тұлғалардың өз қолымен отырғызған естелік ағаштары көп кездеседі.

Дінаралық татулық пен достықты қоса насихаттаған шара Қазақстан қоғамының бірлігіне бекем екенін айғақтай түсті.

Alle2

Alle3

Alle4

Alle5

Alle6

Alle7

Alle8

Alle9

Alle10

Alle11

Alle12

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: