Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесті.
Ресми қабылдауда аймақ басшысы мен Бас мүфти Шығыс Қазақстан облысындағы діни ахуал, қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайта түсу, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау, жат ағымның арбауында кеткен жастарды дәстүрлі дінімізге оралуына жан-жақты ықпал ету, Ислам бағытындағы кітаптар санын арттыру, халықтың діни сауатын көтеру сынды бірқатар мәселелер сөз болды.
Басқосу соңында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы ортақ мақсаттар мен жұмыстардың, еліміздің игілігі жолындағы жобалардың жүзеге асуына әкімшілік тарапынан қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі