06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Шетелдегі қазақстандық қылмыскер азаматтықтан айырылады

Ел іші
Жарнама

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев үкімет үйінде Қазақстан азаматтығынан айыру бойынша құқықтық тәжірибенің жүзеге асырылу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы KazIslam.kz хабарлады.

«Әрбір жағдайға қатысты құқықтық тәжірибе қалай іске асатынын судья анықтайды. Ол қандай да бір жазаны жайдан-жай қолданбайды. Ол жазаны қалай қолдану керектігін қарастырады. Бұл қосымша санкцияға да қатысты. Ол 20 жыл беруі мүмкін. Мүмкін 20 жыл және азаматтығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Менің пайымдауымша, бұл жаза қылмыскер шетелде жүргенде қолданылғаны дұрыс» деді министр. Ол сондай-ақ азаматтықтан айыру жазасы азаматтың ел ішінде жүргенінде өте сирек қолданылатынына сенім білдірді.

Ведомство басшысы азаматтықтан айыру жазасын енгізудің туындауына байланысты сұраққа жауап берді. «Азаматтықтсыз тұлғаны қысқару» конвенциясы бар. Онда негізгі мәселелер анықталған. Әрбір ел өзінің тәуелсіздік мүдделеріне сәйкес саясатын айқындайды. Оның ішінде қылмыстық-құқықтық саясат та бар. Демек, қазір бізде осы шешім қабылданды. Біздің алдымызда үлкен күрес бар – терроризмге тойтарыс беру» деп атап өтті министр.

Айта кетсек, заңға сәйкес, азаматтықтан айырылған тұлғалардың қайтадан азаматтық алу құқы жоқ.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: