06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Курс тыңдаушыларымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған сапар барысында діни басқарма жанындағы Имамдар білімін жетілдіру институтында болды.

Наиб мүфти Н.Тағанұлы институтта білім жетілдіруші дін қызметкерлерімен кездесіп, оқу орны тыңдаушыларымен ой-пікір алмасты. Тыңдаушылармен кездесу кезінде наиб мүфти Н.Тағанұлы еліміздің әр өңірінен келген дін қызметкерлерінің білім-біліктілігі жоғары болуы уақыттың әрі халықтың талабы екенін түсіндірді. Халықтың таным-түсінігінің әрі сұранысының артуы дін дұрысын имамнан ғана алуға бағытталуы тиістігін атап кетті. Курс тыңдаушылары өз ретінде дін қызметін қалтқысыз атқарып, елмен етене жұмыс жүргізетіндіктерін жеткізді.

Кездесу соңында наиб мүфти білім мекемесінің оқу-материалдық базасымен, жалпы жұмыс жоспарымен танысты. Айта кетсек, соңғы уақытта Діни басқарманың діни кадрлар даярлау және діни білім беру мәселесі оңтайлы шешім тауып келеді. Бұл ретте медреселерге колледж мәртебесінің берілуі, аймақтардағы имамдардың білімін жетілдіруге арнаулы курстардың ашылуы, кадрларды тағайындаудағы жауапкершіліктің артуы және аттестаттаудың жоғары деңгейде өткізілуі сынды ауқымды шаралар дін саласындағы жұмыстардың жүйелі жолға қойылғанын көрсетеді.

Insti2

Insti3

Insti4

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: