06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Діни басқарма «EXPO 2017» халықаралық көрмесіне үлес қосады

Ел іші
Жарнама

«EXPO 2017» көрмесінің ашылуын тамашалауға елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді деп күтілуде. Оларға жайлы жағдай жасау, өзедерінің салттарына жақын қызмет көрсететін қонақүйлермен, тиісті тағам өнімдерімен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылып келеді. Мұсылман елдерінен келетін қонақтар да аз емес.

Мұсылман елдерінен келетін қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатымен Астана қаласының қонақүйлерін, қоғамдық тамақтану орындарын шариғат талаптарына сәйкес сертификаттау қолға алынып отыр.

Осыған орай, Астана қаласы әкімшілігінің «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-ның директоры Санияр Әйтекенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болды. Кездесу барысында бас мүфти ҚМДБ тарапынан халал сертификаттау саласында «Халал Даму» ЖШС қызмет атқарып жатқандығын айтып, бұл саланың мәні мен маңызына қысқаша тоқталып өтті. Отырыс соңында тараптар бірлесіп жұмыс жасауға деген өзара ықыластарын білдіріп, екіжақты меморандумға қол қойды.

Ендігі кезекте ҚМДБ мен Астана әкімшілігі бірлесіп қалалық қонақүйлерді шариғат талаптарына сәйкес сертификаттау жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: