07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Амаль Абдалла әл-Кубейси: «Байсалды ислам», «Террористік ислам» деген түсінік жоқ

Ел іші
Жарнама

Бүгін елордада Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында «Дiндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы өтiп жатыр. Маңызды шараға ҚР Парламентi Сенатының төрағасы, Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасылары съезi хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік етуде, деп хабарлайды E-islam.kz.

Айтулы конференцияда Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық Мәжілісінің Төрайымы Амаль Абдалла Әл-Кубейси ислам діні «байсалды», «террористік» деп бөлінбейтінін атап айтты.

– «Байсалды Ислам», «Террористік Ислам» деген түсінік жоқ. Әлемде бір-ақ Ислам бар. Сондықтан біз терроризмге қарсы бәріміз біріге күресуіміз керек. Оның залалынан қорғануымыз керек. Әсіресе әйелдердің терроризмнен жәбірленуіне жол бермеуіміз керек. Терроризм адамзат өркениетіне үлкен қатер төндіріп келеді. Біздің алдымызда терроризмнің барлық түрлерін түбегейлі жою үшін қолдан келгенше жүзеге асыратын адамгершілік, этикалық жауапкершіліктер тұр. Әйтпесе, біз жарқын болашақты қамтамасыз ете алмаймыз. Біз терроризммен күресте қолымыздан келетін барлық күштерді жұмылдыруға тиіспіз. Терроризмге қарсы көпжақты стратегиялық әрекеттерді қабылдау үшін әлем болып жұмылатын уақыт келді, - деді ол. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: