27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Елбасы Жолдауы жаһандық қатерге жоспар құруды ұсынады

Ел іші
Жарнама

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Елбасының кезекті Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбына арналып, онда бүгінгі әлемдегі ахуал, экономикалық өсімнің бәсеңдеу мәселесі, халықаралық кеңістіктегі күрделі тақырыптар тарқатылды. «Экономикалық өсімнің бәсеңдеуі әлемнің барлық экономикаларында да көрініс тауып отыр. Әлемдік экономиканың нақты құлдырау көрсеткіштері ешкімді де таңғалдырмайтын болды. Ағымдағы жылдың күзіне дейін Халықаралық валюта қоры өзінің болжамын алты рет қайта түзетуге мәжбүр болды: даму көрсеткіштерін бестен үшке дейін түсірді. Бұл да шек емес. Біз баршамыз бірге талай сынақты бастан кешірдік» деді Н. Назарбаев.

Қазақстан Президенті өз сөзінде халықаралық ахуалға да тоқталып өтті. Президент әлемнің тұрақсыздық күй кешіп отырғанын, әлемдік үлкен державалар бір-біріне санкциялар салып, олардың арасында сенімділік күрт төмендеп кеткенін атап өтті. «Таяу және Орта Шығыстағы, Солтүстік және Орталық Африкадағы тұрақсыздық босқындардың өте үлкен ағымын тудырды. Күн сайын террористік актілер салдарынан жазықсыз адамдар құрбан болып жатқаны туралы хабарлар айтылып жатыр. Әлемге халықаралық терроризм айтарлықтай салмақты қауіп төндіруде. Бұл мемлекеттіліктің бұзылуынан, егемен елдердің істеріне сыртқы күштердің кедергі келтіруінен болып отыр. Мемлекеттілік, билік жоқ жерде экстремистер мен террористер, бандиттер өздерін еркін сездіреді. Бұның бәрі әлемдік, өңірлік күштер орталығының қатаң бәсекелестігі аясында орын алуда. Біз осындай жаһандық қазіргі қатерлерге өзіміздің жаңа, нақты мүмкіндіктерімізге негізделген іс-әрекеттер жоспарымызды қарсы қоюға тиіспіз» деді Елбасы. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: