27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Астаналық ақындарға Тұғырнама таныстырылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Елордамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде астаналық ақын-жазушылардың басын қосқан тағылымды кеш болып өтті. Рухани кештің мақсатықалам ұстаған қауымға «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» таныстырылып, аталмыш құжаттың мән-маңызы түсіндіру.

Кеш шымылдығын ашқан ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ақын-жазушылардың ел руханиятындағы алар орнының, ерекше маңызды екенін атап өтті. Елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын жандардың мешітте бас қосуының өзі дініміздің діңгегін берік ете түсетініне тоқталды. Ақиқатты жырлаған ақындарымыздың асыл дініміз жайлы білімі мол болса, халықтың да көсегесі көгерері сөзсіз. Алдағы уақытта дін қызметкерлері мен сөз зергерлерінің бірлесе атқарар шаруалары шаш-етектен деген наиб мүфтиі лебізі қонақтар тарапынан да қызу қолдау тапты.

Айтыс өнері мен жазба әдебиетімізде жауһар жырларымен танылған ақындарымыз да өз пікірлерін білдіріп, Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – Діни басқарма жұмысына сәттілік тілейтіндерін жеткізді.


 

 

 

Muslim.kz

Бөлісу: