27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімі атқарылған шараларға қысқаша шолу жасады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымыздың діни сауатын ашу,діни қызметкерлер әлеуеті мен қабілетін арттыру мақсатында ауқымды іс-шаралар  мен игі жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы бағытта атқарылған жалпы жұмыстардың бірқатарын атап өтсек. Әуелі сыртқы байланыстар бойынша ілкімді істер туралы.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ мен Түркияның "Мармара", "Ыстамбұл", "Селжук", "Нажмеддин", "Ербакан" университеттері арасында оқу саласы бойынша келісімшарттар жасалып, меморандум қабылданды. Келісім аясында Түркияның бірқатар іргелі діни оқу орындарына ғаламтор арқылы магистратура мен докторантураға түсуге мүмкіндік туды.

Бүгінде бауырлас елдегі Хасеки академиясында 76 шәкірт діни білім алып, тәжірибелерін шыңдауда.Ал Египеттегі әйгілі әл-Әзһар университетінің 2 айлық курсында 23имам білім жетілдіріп қайтты.

Биыл тұңғыш рет Діни басқарма және Мәскеу,Қазан қалаларындағы Ислам  университеттері арасында ортақ келісімге қол жеткізілді.Еліміз бойынша 40 имам «Мәскеу Ислам институтында»екі апталық курста халықаралық дін ғұламаларының дәрісін тыңдады.

«Нұр-Мүбарак» университеті Малайзияның "Сұлтан Зейнел Абидин" университетімен ғылыми байланыс орнатты.

Болашақ ғалымдарымыз диссертациялық жұмыстарын сол елде жетілдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар Малайзия мемлекеті «Нұр Мүбәрак» университетінің студенттерін тіл жетілдіру курсына қабылдау туралы келісімге қол қойды.

Діни оқу-ағарту саладағы басты жаңалықтың бірегейі – шетелге діни оқуға баратын студенттердің ҚМДБ тарапынан арнайы рұқсат қағаз алуы. Бұл қадам шетелде білім алып жатқан қандастарымыздың діни көзқарасын қадағалауға үлкен мүмкіндік тудырып отыр.

Діни басқарма тарихында тұңғыш рет діни оқу-ағарту саласы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен меморандум жасалды. Екі жақты келісім құжаты аясында алғаш рет медреселер үшін мемлекеттік стандартқа сай оқу жоспары мен оқу бағдарламалары әзірленді. Сонымен қатар медресе Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Нұр Мүбәрак» университетінің исламтану мамандағы бойынша бітірген 527 түлек түрлі діни қызметтер атқаруда. Ал медреселерімізді тәмамдаған 897 шәкірт жұмыспен қамтылып, қалған бөлігі білімін жетілдіруде.

Имамдардың білімін жетілдіру, олардың қабілеті мен әлеуетін арттыру – бас мүфтидің басты назарында. Діни басқарма жанынан ашылған Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білікті теолог-ғалымдар осыған дейін 1000-ға жуық имамғатәжірибелік әрітеориялық тұрғыда дәріс берді.

Қарилар орталығынан түлеп ұшқан 40 түлек еліміздің әр аймағында қасиетті Рамазан айында Құран хатым етіп келеді.    

2015 жылы медресені бітірген 200 шәкірттің 60-ы жоғары оқу орындарына түссе, 105 бала діни қызметпен қамтамасыз етілді.

Республикамыз бойынша 751 мешітте діни сауат ашу курстары жұмыс істеуде. Аталған курстарда 2015 жылы 48 000 адам сауат ашты.

Еліміз бойынша әр облыс, өңірлерде имам-молдалардың білімін жетілдіруге арналған 180 семинар ұйымдастырылып, оған жалпы саны 2 500 дін қызметкері қатысты.

 

 

 

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: