27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Тәпсір тұнығы-2» оқырманға жол тартты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін қазақ руханияты тағы бір тамаша туындымен толықты. Тәпсір саласындағы аз ғана еңбектің кезекті томы Астана жұртшылығына таныстырылылды. Бұл туралы Muslim.kz хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы еңбектенген «Тәпсір тұнығының» алғашқы томы (30-пара) осыдан бір жыл бұрын жарық көрген болатын. Араға жыл салып, тәпсір туындысының  екінші томы (29-пара) оқырманға жол тартты.

Тәпсір саласындағы дүниелердің жалпақ жұртқа түсінікті де қызықты болуы автордың терең діни білімімен бірге, көркем сөздің көрігін қыздыратындай шеберлігіне де байланысты. Бұл орайда аталмыш кітапты парақтай отырып, автор тілінің шұрайлылығына еріксіз тәнті боласыз. Қасиетті Құран Кәрім аяттарының ақиқатын қазақы ұғымымызға лайықтап, асқан дәлдікпен аударған Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қаламынан қазақ халқына қажетті әлі талай дүниелер туатыны даусыз.

Қазақ оқырмандарын қуанышқа бөлеген «Тәпсір тұнығы» кітабының ІІ-томының таныстырылымына еліміздің бірқатар дінтанушылары мен ғалымдары, ҚМДБ-ның қызметкерлері мен медресе шәкірттері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Игі шара барысында Астана қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі Әшірбек Құрбанұлы мен белгілі дін ғалымы Мұхан Исахан баяндама жасап, аталмыш кітап жайында оң пікірлерін білдірді. Ал жиылған жұртшылық кітап авторына көкейкесті сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: