27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти: Олар шейіттер емес, шектен шыққандар

Ел іші
Жарнама

Таяуда  Ислам мәдениетінің астанасы аталған Алматы шаһарында өткен Орталық Азия ғұламаларының тұңғыш форумында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді, деп жазады ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Исламды терроризммен байланыстыру – асыл дінімізге жасалған үлкен қиянат. «Жиһад» ұғымын желеу еткендерді шейіттер емес – шектен шыққандар деп атауға мәжбүрміз. Алла Тағала «Ағраф» сүресінде: «Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар» деп қатаң ескертеді» деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

Естеріңізге сала кетейік, ғұламар форумы қорытындысында терроризм мен экстремизді алдын алу туралы және лаңкестікті Исламмен байланыстырмау жайындаҮндеу мен Қарар қабылданды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: