27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Рухани құндылықтар дәріптелді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана қаласында жастар арасында дәстүрлі мәдени құндылықтары насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Muftayt.kz.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу әлеуметтік жобасының аясындағы шараға «Ареал» қоғамдық қорының президенті Айман Рүстембекова, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және жастар ісі бөлімі меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, дінтанушы Асылбек Избаиров және Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының доценті, дінтанушы Кеңшілік Тышхан қатысып, дін тақырыбында баяндама жасады.

Дін мамандарының дәрісін мемлекеттік қызметкерлер, діни бірлестік, жастар және дін істері бойынша басқармасының өкілдері, дін саласының сарапшылары тыңдады. Кездесу барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандыратын маңызды сұрақтар талқыға салынды.

Семинар жастардың қоғамдық, конфессияаралық, мәдени және кез-келген мәселе мен түсініспеушіліктерді шешу үшін радикалды қадамға бармау, терроризмге қарсы сана-сезімді түбегейлі түрде көтеру және де ұлт құндылықтарын насихаттау арқылы жат таным-түсінікке тосқауыл қою мақсатында ұйымдастырылып, салмақты тақырыптар түйінін тарқатты.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: