27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти: Олар кім үшін, не үшін соғысып жүргенін білмейді

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Орта Азия ғалымдарының басын қосқан алқалы жиында жаһанға жайылған терроризм түсінігіне осындай анықтама берді.

Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мұсылман басқа бір мұсылманға тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді» деген. Діннің осындай ең қарапайым қағидаларынан хабарсыз адам кім үшін, не үшін соғысып жүргенін білмейтін дәрежеге жетті. Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Алла Тағаланың өзінің соңғы елшісін жіберудегі мақсаты қасиетті Құранның «Әнбия» сүресінің 107-аятында былайша баяндалады: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» деген, - деп атап өтті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

«Келісім мен жасампаздық – Орталық Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі» халықаралық форумында Ислам ғалымдары жалпы халыққа ортақ мәзһабымыздың мәртебесін көтеріп, қоғамда тыныштық орнату, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында жиылып отыр. Дінбасылар өз ретінде асыл дінімізді келесі буын ұрпаққа дұрыс жеткізіп, ортақ мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғырту және дамыту мәселелерін ой талқысынан өткізіп, пікір алмасады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: