07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Кувейт Әмірінің кеңесшісі қазақ халқына алғыс білдірді

Ел іші
Жарнама

Кувейт мемлекеті Әмірінің кеңесшісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық көмек жөніндегі ресми өкілі, Әлемдік Ислам қайырымдылық ұйымының президенті, доктор Абдолла Маътуқ әл-Маътуқ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлымен кездескен осылай деп айтты. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз бөлімі хабарлады.

«Сіздердің бабаларыңыз Исламды насихаттауда көп еңбек қалдырды. Біз сонау ғасырда қалған еңбектер арқылы дінді терең үйрендік. Сол үшін біз Сіздерге қарыздармыз. Біз Сіздерді Бухари мен Муслимнің немерелері деп есептейміз» деп сөзін жалғады мәртебелі мейман. Кездесуде әлемдік мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту мәселесі сөз болды. Бас мүфти осы бағытта игі жобаларды жүзеге асырып жатқан Кувейт Әмірлігіне алғысын білдірді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: