27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти: Бүгінгі қоғам жоғары интеллектуалды имамды қажет етеді

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресесі шәкірттеріне кезекті дәрісін оқыды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Жаңа оқу жылымен тәлімгерлерді құттықтаған ҚМДБ төрағасы қазіргі қоғамның жоғары интеллектуалды имамды қажет ететінін атап өтті.

«Сіздер осы білім ордасында 2 жыл 10 ай діни білім аласыздар. Діни білім алып, оны халыққа жеткізу үлкен абырой. Қазақ топырағынан шығып, әлемге танымал болған Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари, Әль Фараби сынды ғалымдардың барлығы ең әуелі діни білім алып, халыққа Ислам негізін жеткізген. Біз тәуелсіздігіміз арқылы осы дәстүрлі сабақтастығымызды жалғастыруға мүмкіндік алдық. Қазір жаңа қоғам ұлттық санасы қалыптасқан, діни білімі терең, интеллектуалы жоғары заманауи имамдарды қажет етеді. Сондықтан сіздер жаңа заманға сай білім алуларыңыз қажет. Дін ғылымы мен қатар елдің тарихын, қазақ мақал-мәтелдерін, ұлт көсемдері мен би-шешендерінің даналық ой-тұжырымдарын, діни өлең-жырларын жаттап, ұлттық құндылықтарды да қатар меңгеру керек» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Айтулы шараға Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбет және медресе ұстаздары қатысты.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: