27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мемлекет басшысы босқындар мәселесіне назар аударды

Ел іші
Жарнама

«Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс босқындарының проблемасын шешу қаржылық және адами мол ресурстарды қажет етеді». Бурабайда өтіп жатқан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. 

«Соңғы уақытта әлем өзінің көптеген салаларында, ең алдымен, экономика мен қауіпсіздік мәселелерінде жаһандық өзгерістерге ұшырауы ешкімге де құпия емес. Орын алып жатқан жайт біздің ұйымнан да сәйкесінше дамуды, жаңа жағдайға бейімделуді талап етпей қоймайды. ТМД жаңа болмыстарға эволюцияланып, бейімделуі тиіс, жаһандық өзгерістер мен қатерлерге тиімді әрекет етуі тиіс» деді ҚР Президенті.

Елбасы өз сөзінде бүгінгі күнгі ТМД ынтымақтастығы қауіпсіздік саласындағы халықаралық жай-күй екенін баса айтты. Халықаралық лаңкестік көптеген елдердегі ахуалға кері әсерін тигізіп, бейбіт халықтың, әсіресе жастар мен балалардың өліміне түрткі болып отырғанын атап өтті.

«Мұның нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауқымды мәжбүрлі көші-қон, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс халқының Еуропаға ауа көшуіне әкелді. Бұл проблеманы шешу жолында мол қаржылық және адами ресурстар қажет етіледі. Бұған қоса, босқын атын жамылған лаңкестер де болуы мүмкін. Олардың мақсаты тұрақсыздық ошағын қалыптастыру болып саналады» деді Мемлекет басшысы. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: