03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Путин Елбасы бастамасына қолдау білдірді

Ел іші
Жарнама

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. Сан саланы қамтыған ауқымды басқосу барысында Елбасы «Ислам лаңкестікке қарсы» форумын құру идеясын ұсынды.

Кездесу барысында халықаралық күнтәртіпте тұрған өзекті мәселелерге ерекше назар аударылғанына тоқталған Елбасы, жаһандық және өңірлік ұйымдар аясында өзара іс-қимылдарды арттыру мәселелері бойынша Минск келісімдерін жүзеге асыру барысы, оның ішінде Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздік мақсатындағы қадамдар қаралғанын жеткізді.

Мұнымен қоса, Ауғанстандағы, Сирия мен Ирактағы ахуалға да айрықша назар аударылды.

«Сирияда орын алып жатқан жағдай - бұл баршамыз үшін жалпы қатер, әсіресе Орталық Азия өңірі үшін. Біз Түркіменстанмен шекарада болған оқиғалар жайында хабардармыз. Бұл тұрғыда Тәжікстан да қатты алаңдаулы. Осыған байланысты біз «Ислам лаңкестікке қарсы» атты форумды құру идеясын алға тартудамыз. Егер де бізді қолдаса, бұл істеп жатқан шараларды дұрыс түсіну үшін, жұмыстың бағыты дұрыс болмақ» деді Н. Назарбаев.

Елбасы бастамасына қолдау білдірген Ресей басшысы лаңкестікпен халықаралық деңгейде күрес жүргізуде аталмыш форумның өз ықпалы болатынына сенімді екенін жеткізді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: