27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти маңызды мәслихатқа қатысты

Ел іші
Жарнама

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Астанадағы діни бірлестіктер өкілдерінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

Іс-шараға Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Қазақстан дінтанушылар Конгресі өкілдері, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы мүшелері, сонымен қатар ҚР МСМ Дін істері комитетінің басшылығы қатысты. Бұл қатарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да болып, өзекті мәселелер жайында дін өкілдерімен пікір алмасты.

Сонымен қатар, басқосу барысында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастық, рухани келісімді нығайту, сондай-ақ қайырымдылық қызметі жөнінде салмақты тақырыптар талқылады.

Жиын соңында Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің атынан Рухани келісім күніне арналған Қазақстан халқына құттықтау хаты бекітілді. Мемлекет пен діннің тұтастығын арқау еткен шараға қатысушылар отырысты қорытындылап, Ұлттық мұражайды аралап шықты. 

ummet.kz-ақпарат  

Бөлісу: