27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

ҰСТАЗ – ҰЛТ ТӘРБИЕШІСІ

Ел іші
Жарнама

Бүгін – «Білім күні». Еліміздің білім саласында қызмет етіп жүрген ғалымдар мен мұғалімдерді, оқу орындары басшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

Бүгін республика бойынша 9 медрсемізде, 3 қарилар даярлау орталығында, 1 университетімізде, 1 Ислам институтына, мешіт жанындағы сауат ашу курстарына қабылданған шәкірттеріміз де жаңа оқу жылына қадам басты.

Ибраһим (Ыбырай) Алтынсары бабамыз өсиетті өлеңінде:

«...Істің болар қайыры,

Бастасаңыз Аллалап,

Оқығамаған жүреді

Қараңғыны қармалап», – деген.

ХХІ ғасыр – білімнің, ғылымның, парасаттылықтың, озық технологияның дәуірі. Бүгінгі заманның осынау озық үлгілерінен біздің де шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз, имамдарымыз қалыс қалмауы тиіс. Барша жастарды қазіргі қоғам игіліктерін тиімді пайдаланып, ықыласпен білім алуға шақырамын.

Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің алғаш түскен аятында Алла Тағала адамзат баласына: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы», – деп бұйырған. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», – деп ескерткен. Ұстаз – ұлтымыздың тәрбиешілері. Имандылыққа, ізгілікке, өркениетке ұмтылған ұлттың болашағы баянды болмақ.     

 Алла Тағала алған білімдеріңізді еліміздің игілігі мен даму, халқымыздың бірлігі мен татулығы жолында жұмсауларыңызды нәсіп еткей! Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!      

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

         Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, бас мүфти

 

 

 

 

 

Бөлісу: