26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елбасы оқушыларға жаңа оқу жылына сыйлық жасады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін ҚР Президентінің Бейжіңдегі резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушыларын, студенттер мен олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгін – білім күні, 1 қыркүйек. Мен біздің барлық оқушыларымыз бен студенттерімізді, олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтаймын. Бүгін 7,5 мың мектеп оқушыларға есігін айқара ашады. Ең қызығы, 300 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бір жылда мұнша бала алғаш рет 1-сыныптың табалдырығын аттағалы отыр. Осы жылдар ішінде, өздеріңіз білесіздер, біз мектептердің құрылысы қарқынды түрде жүргізіп отырдық, бала бақшалар ашылды, өйткені олар – біздің болашағымыз. Бүгін 1-сыныпқа барған бала 2050 жылы Қазақстан экономикасының барлық саласында еңбек ететін болады, міне, сондықтан да біз оларды оқытып-тоқытамыз, мәселенің мәнісі осында жатыр», - деді Елбасы.

Биылғы жаңа оқу жылының оқушыларға арналған ерекше сыйлығы – бірінші сынып оқушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан таратылған «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы.

«Менің Отаным – Қазақстан» кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Балдырғандарға арналған кітапта Отанымыз туралы ең қызықты деректер жеңіл әрі ұғынықты тілмен баяндалған. Бұл оқулықтан еліміздің елордасы Астана туралы, Алматы мен 14 облыс жөнінде қысқаша ақпарат табуға болады.

«Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен бірге сен де өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!», - делінген Елбасының бірінші сынып оқушыларына арнаған жолдауында.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: