27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Алматыда жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Кеше Алматы облысы Алатау мекенінде жаңа мешіт ашылып, салтанатты рәсімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, халықты қуанышты күнмен құттықтады.

«Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі амал. Демек Аллаға құлшылық жасайтын орын тұрғызу әу баста Жаратушының әмірімен болатын іс. Осындай мешіт салып, елдің игілігіне берген азаматтарға Алла разы болсын! Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін зәуілім мешіттер салынып, дінімізбен, дәстүрімізбен қайта қауышты. Ендеше біз осы тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек. Бұл істі тек бірлік пен имандылық арқылы іске асыра аламыз» , – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Алатау мекенінде ашылған «Арафа» мешіті экологиялық таза жылу сақтағыш қабырға материалымен жабдықталған. Алла үйінде бір уақытта 1000 адам құлшылық ете алады. Жаңа мешіттің бас имамы болып Алматы орталық мешітінің наиб имамы Әнуар Ізімбайұлы тағайындалды.


ummet.kz-ақпарат 

 
Бөлісу: