26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Арман Қуанышбаев Ислам институтында кездесу өткізді

Ел іші
Жарнама

Елімізге белгілі теолог, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев Ислам институтында кездесу өткізді. Институт директоры Кенжеәлі Мырзабаевтың ұсыныс білдіруімен арнайы ат басын бұрған дін маманы Ислам институтында білім жетілдіруші имамдарға дәріс оқыды.

Кездесу барысында А.Қуанышбаев Алланың жолында қызмет ету екі дүниеде абыройға жеткізетіндігін айтып, сол абыройға жету үшін ықыласпен қызмет етуге үндеді. Мешітке жан берудің бірден-бір жолы шәкірттер оқыту екендігіне тоқталып, бұл дүниеде оқытқан шәкірттеріңіз ақыреттегі жемістеріңіз. Ризығымыз Алланың қолында деп, имам-молдаларды аянбай қызмет етуге шақырды.

Сонымен қатар, Алмалы ауданы, Төлеби мешіті жамағатымен жүздесіп, басшыға бағыну, отанды сүю туралы насихат жүргізді. Теолог бүгінгі қоғамдағы күрделенген мәселелерге, отбасының бірлігі, ажырасудың салдары секілді тақырыптарға да тоқтала өтті. 


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: