27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Al-Arabiya» телеарнасы Елбасы туралы деректі фильм көрсетті

Ел іші
Жарнама

Астана күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі мұсылман әлеміне танымал «Әл-Арабия» телеарнасымен бірлесе отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы деректі фильмді көрермендердің назарына ұсынды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл тарихи фильмде Қазақстанның қалыптасуына және халықаралық саясаттың дамуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан ерен еңбегі, қысқа мерзім ішінде еліміздің қарқынды дамуы, Елбасы айқындаған қазақстандық жолдың биік белестерді өткергендігі туралы деректер көрсетілген. Сонымен қатар, Президенттің ұлт көшбасшысы, азамат және адам ретіндегі көпқырлы тұлғасы аталмыш фильмде айқындалған.

«Әл-Арабия» – 2003 жылдан бері тәулік бойы жұмыс істейтін, араб тілінде хабар тарататын жерсеріктік телеарна. Штаб-пәтері Дубайда орналасқан. Телеарна аудиториясы 30 млн. адамды құрайды. «Әл-Арабия» телеарнасының бағдарламалар тізімін жаңалықтар, сараптамалық хабарлар, ток-шоу және деректі фильмдер толықтырады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: