Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы отандастарымызды Астана күнімен құттықтады.
«Астана – еліміздің рухани ордасы, келісім мен бейбітшіліктің алтын бесігі. Елордамызда әр жыл сайын өтетін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының құрылтайы адамзатты бірлікке, татулыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа үндеп келеді. ТМД аумағында теңдесі жоқ, қазақ топырағында бұрын-соңды болмаған, сәні мен салтанаты жарасқан, зәулім «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана» мешіттері жаңа елордамыз Астанада бой көтерді. Егемен еліміз тәуелсіздік жылдарында рухани құндылықтарымен қайта қауышып, еркін құлшылық жасауда. Бұл – Алланың берген ұлы нығметі, теңдессіз сыйы. Астана күні құтты болғай. Елбасы бастаған еліміздің еңсесі биік, мемлекетіміздің мерейі үстем болғай. Ұлы мұраттарға ұмтылған жұртымыздың дұғасы қабыл, иманы кәміл болғай», – делінген бас мүфтидің құттықтау хатында.
ҚМДБ Баспасөз қызметі