07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Астанада ауызашар берді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Кеше ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Әзірет Сұлтан» мешітінің мейрамханасында ауызашар дастарханы өтті.

Сауапты кешке ел тізгінін ұстаған азаматтар мен атақты ақын-жазушылар, мұсылман мемлекетінің елшілері, Парламент депутаттары мен билік өкілдері, өнер және қоғам қайраткерлері, еліміздегі БАҚ және телеарна төрағалары, қарттар және балалар үйінен арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.

Қасиетті Құран оқылып, Бас мүфтидің батасымен басталған ауызашар кешін ақындарымыз жырмен әрлеп, терең мағыналы термелерімен көріктендіре түсті. Сондай-ақ, жиналғандар назарына ҚМДБ-ы атқарған іс-шаралар есебі көрсетіліп, жұмыс барысы таныстырылды. Бұдан Бас мүфти барша қонақтарды Рамазан айымен құттықтап, өз лебізін жеткізді. Ал, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы рамазан айының қадір-қасиеті жайлы аздаған уағыз айтып, сауапты айда құлшылық-ғибадатты арттырып, тақуалықпен өткізуге үндеді. Бұдан соң ортаға шыққан мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелді ағамыз оразаның нығметтері жайлы сөз қозғап, бейбіт елде амандықпен ауызашарға қатысып отырғанымызға шүкіршілік білдірді.

Бөлісу: