26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти көмек көрсетті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматыда қасиетті айдың құрметіне "Рамазан тартуы" акциясы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған «Зекет қоры» мен Алматы қаласы орталық мешітінің бірлесуімен игі шара өтіп, тұрмыс жағдайы төмен 100 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы орталық мешітінде өткен игі шараға ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созу - мұсылман затына тән сипат екедігін айтып, жүрегі жұмсақ, қолы ашық барша жанға алғысын білдірді. 

Ғ. Әуелбекова, Шаңырақ ықшам ауданының тұрғыны.     

- Күйеуім жалғыз өзі жұмыс жасайды. Өзім 9 баламен үйде отырмын. Шаңырақ ықшам ауданында пәтер жалдап тұрамыз. Күйеуімнің тапқаны жетпей қалады. Міне, осындай өтпелі кезеңдерде қаржылай қолдау көрсетіп жатқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен жомарт жандарға шексіз алғысымды айтамын.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: