14 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым-түрколог Мырзатай Жолдасбековпен кездесті.
Кездесуде жастарды имандылыққа тәрбиелеу, балаға жақсы есім қою, дін мен дәстүр сабақтастығын көбірек насихаттау, имамдардың білімі мен тәжірибесін арттыру сынды бірқатар мәселелер сөз болды.
Басқосуда Мырзатай Жолдасбеков: «Асыл дінімізді ардақтап, сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрімізді дәріптеу, рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, республика деңгейінде қайырымдылық шараларды ұйымдастыру ісінде Діни басқарманың жұмысы үлкен. Оны ел біліп те, көріп те отыр. Осынау игі де сауапты жұмыстарыңыз баянды болсын. Қашан да Құдай жар болсын» деген тілегін жеткізді.