01
Жұма,
Қараша

һижри

Көне Құран кітабы көрме төрінде

Көне Құран кітабы көрме төрінде

Ел іші
Жарнама

14 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Теміртаудың тарихи-өлкетану музейінде ашылған көрменің төрінен көне жәдігер – Құран кітабы орын алды, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Өткен ғасырдың басында жарық көрген қасиетті мұраны мұражайға осыдан 20 жыл бұрын мешіттің наиб имамы Әбдуәли Асанов тапсырған екен.

«Құран тек араб тілінде ғана қасиетті саналады. Оның аудар­масы әлемнің 100-ден астам тілінде бар. Ал мұражайдағы бұл кітап 114 сүреге жинақ­талған 6200 аяттан тұрады. Сү­релердің өзі Мекке және Ме­­дина сүрелері болып бөлін­ген», – дейді музейдің экс­курсиялық-бұқаралық бө­­лі­мі­нің меңгерушісі Гүлім Сыз­дықова.

Айта кететін бір жайт, Құран­ның көне көшірмесі бүгінге дейін толық күйінде сақ­тал­маған. Мұ­ра­жайдағы кітап тек ор­таңғы бө­лігі ғана. Онда  араб ті­лінде жа­зылған 60 тарау бар.

Рухани келісім күніне арнал­ған аталмыш экспозиция қазан айы­ның соңына дейін жалғасады.

Бөлісу: