27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жалғас Садуахасұлының жаңа кітаптары шықты

Жалғас Садуахасұлының жаңа кітаптары шықты

Ел іші
Жарнама

8 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак университеті Ғылыми кеңесі ұсынысымен дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Жалғас Садуахасұлының 3 кітабы жарық көрді, деп хабарлайды nmu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Ортағасырлық шығыс философиясындағы басқару мәдениетінің адамгершілік негіздері» атты монографияда орта ғасыр шығыс ойшылдары әл-Фараби, ибн Сина, әл-Ғазали және ибн Халдун сияқты ғалымдардың ілімдері бойынша мемлекетті басқару мәдениеті, басқарушылық әдістері сондай-ақ қоғамдық мораль, этика, эстетика, құқық нормалары мен қағидаларына сай келетін басқару әдістері қаралады.

Одан өзге еңбекте ойшылдар айтқан адам, қоғам және мемлекет ұғымдарымен қатар адамгершілік құндылықтар зерделеніп, билік пен халық арасында болуы тиіс қарым-қатынас, әдептілік ережелері сараланады.

Жалғас Садуахасұлының жарық көрген екінші, үшінші кітаптары қазақ даласынан шығып, халқымыздың мақтанышы айналған әл-Фарабидың трактаттарына арналған. Туынды «Бақытқа жету жайында» мен  «Ғылымдардың жіктелуі туралы» деп аталады.

Автордың аталған еңбектерінде жалпы адам өміріндегі тәлім мен тәрбиенің маңыздылығы түсіндірілген. Сонымен қатар орта ғасыр ойшылының ғылым мен білімдердің әрқайсына жеке тоқтап, сипаттама бергендігін, оларға қарасты білім тармақтары мен бөлімдерге талдау жасағандығын аудармадан оқи аласыз.

Кітап студенттерге, басқару саласы бойынша маманданушы, магистранттар мен (PhD) докторанттарға және мемлекеттік қызметтегі этикалық нормативтер тарихына қызығушылық танытушы және барша оқырмандарға арналады.

jana1

jana1

jana1

Бөлісу: