2 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Елордамыздағы қарияларға құрмет көрсетіліп, ұстаздар қауымы арнайы зиярат жасап қайтты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Халықаралық Қарттар күнімен құттықтап, гүл шоқтарын таратып, гүлдей жұпарлы ізгі тілектерімен тосыннан келген мешіт ұстаздарының ізгі шарасы қарияларға қуаныш сыйлап, көңілдерін көтере түсті.
Арнайы тізім бойынша ақсақал аталарымыз мен абзал апа-әжелерімізді аралап, мешіт ұстаздары бұған қоса азық-түлік сөмкелерін табыстап, қарияларға құрметпен қатар қайырымдылық жылуын қоса үлестірді.
Айта кетейік, Елорда мешіттерінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен басталған шара алдағы апта бойы жалғасын табатын болмақ.