01
Жұма,
Қараша

һижри

Дін саласы мамандарының біліктілігін арттыру бойынша онлайн-семинар өтті

Дін саласы мамандарының біліктілігін арттыру бойынша онлайн-семинар өтті

Ел іші
Жарнама

17 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz — Нұр-Сұлтан қаласының дін саласындағы ақпарттық-түсіндіру тобының мүшелеріне «Психологиялық әсер ету әдістері» тақырыбында семинар өткізілді, деп хабарлайды islam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының психологы Лола Шакимова психологиялық әсер ету әдістері және түсіндіру кездесулерін тиімді өткізу формаларын түсіндірді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында семинар онлайн форматта өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, білікті мамандардан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы зайырлылық, қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын насихаттайды.

Бөлісу: