28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Президент: Biz Birgemiz. Бұл – біздің қоғамның жаңа ұраны

Президент: Biz Birgemiz. Бұл – біздің қоғамның жаңа ұраны

Ел іші
Жарнама

23 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «BIZ BIRGEMIZ» онлайн-форумы аясында коронавирус індетін жеңу – әрбір азаматтың өз қолында екенін айтты, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Құрметті отандастар! Бүгінде әлемдегі барлық елдер, соның ішінде Қазақстан да коронавирус індетіне қарсы күрес жүргізуде. Бұл әрине, өте ауқымды әрі күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жанжарға нақты көмек беріліп жатыр. Бұл жұмысты Nur Otan партиясы белсенді түрде жүзеге асыруда. Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді. Дегенмен, бұл аса жұқпалы дерт азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, халықтың әл-ауқатына нұқсан келтіруде. Ең алдымен, осы кеселден қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындары көңіл айтамын. Сондай-ақ, вирус жұқтырғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, - деді мемлекет басшысы. 

Президент қазіргі таңда бетперде тағып жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтықты ұстану өте маңызды екенін айтты.

Осындай күрделі кезеңде барша жұрт жауапкершілік танытудың қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Әр адам өз туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болуы керек. Бұл қазіргі заманның талабы. Індетті жеңу – әрбір азаматтың өз қолында. Бұл ең алдымен, қарапайым қағиданы ұстанудан басталады. Бетперде тағып жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтықты ұстану өте маңызды. Өйткені, бұл сіздің және өзге адамдардың денсаулығы үшін аса қажет. Тағы қайталап айтамын, сақ жүрсең – сау жүресің. «Сақтықта қорлық жоқ». Сондықтан, азаматтарды қорғау үшін біз барлық қажетті шараларды жедел түрде қолға алдық және осы жұмысты әрі қарай жалқастыра береміз, - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі сала мамандарына алғыс айтты.

Ынтымақ, беріктік, жанашырлық – бұл халқымыздың дәстүрлі құндылықтары. Дәл осы қасиеттер халқымызды тарихтағы небір қиын кезеңдерден алып шықты. Басымызға қиындық түскен кезде біздің жұдырықтай жұмылған бірлігіміз шыңдала түседі. Бір біргеміз. Бұл – біздің қоғамның жаңа ұраны. Біз күн сайын еліміз бойынша медицина, полиция, қарулы күштер қызметкерлері, еріктілер мен қайырымдылық жасайтындардың түрлі ерлігіне куә болып жатамыз. Мен бүгін ең алдымен, сіздерге алғыс айтқым келеді, - деді мемлекет басшысы.

Бөлісу: