29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

«KazBeef Processing» қасапханасы сертификатталды

«KazBeef Processing» қасапханасы сертификатталды

Ел іші
Жарнама

16 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін солтүстік өңірдегі ірі қасапханалардың бірі «KazBeef Processing» кәсіпорны «ҚМДБ Халал» стандарты бойынша сертификатталды, деп хабарлайды Халал Даму баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жергілікті инспектор-контролер мен ветеринар ісі мамандары қасапханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, қасапшыларға «Шариғат және халал стандарты бойынша мал сою, ет өңдеу» тақырыбында арнайы оқу-семинар өткізді.

Бірлесе жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, қасапханаға «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты» талаптары бойынша «ҚМДБ Халал» сертификатын табыстау жөнінде шешім қабылданды.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «KazBeef Processing» қасапхана басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстап: «Тұтынушыларды таза, адал ет өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы, халал индустриясын дамытып, шет елге ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға мол мүмкіндік ашылады.  Осы жолда бірлесе адал еңбек етеміз деп сенемін» деп халалдың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратынын жеткізді.

Бөлісу: