30 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен елордаға өзге өкілдіктерден қайырымдылық керуені шықты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Адамзатқа алапатын ала келген коронавирус індеті Қазақ елін айналып өтпеді. Қазір қаншама адам осы дерттің құрсауында қалып, ауыртпашылықтың қиын-қыстау күндерін бастан өткізуде. Екі бірдей іргелі шаhар карантинге жабылды.
Осыған орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы тапсырма беріп, жергілікті өкілдіктер мүмкіншілігіне қарай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласына қол ұшын созу мақсатында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы имамдар қайырымдылық қаражатты ортақ қорға жинап, елордалық 500 отбасыға 7 тонна азық-түлік жөнелтті. Бұл жайында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің muslim.kz сайтында жарияланды.
Алдағы уақытта да мұндай ізгілік шаралар жүйелі ұйымдастырылмақ.