29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы: Өзімізді оқшаулау арқылы қоғамға пайдамызды тигізуіміз керек

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы: Өзімізді оқшаулау арқылы қоғамға пайдамызды тигізуіміз керек

Ел іші
Жарнама

30 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов елордалық жамағатқа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

"Қазір елімізде төтенше жағдай жарияланғаны мәлім. Осы тұрғыда мұсылман адам өзін қалай ұстауы керек?

Жалпы шариғатта мынадай қағида бар. Бір адамның жанына қастандық жасау, ол бүкіл адамзаттың жанына қастандық жасаумен бір. Ал бір адамның жанына құрмет көрсету, бүкіл адамзатқа құрмет көрсету болып табылады.

Сондықтан, қадірменді жамағат!

Қазіргі уақытта төтенше жағдайларға байланысты бүкіл мұсылман адам өзін көпшілік жүретін жерден шеттеуі керек. Көбінесе үйде болғаны абзал", - деді бас имам.

Ол барша мұсылман бауырларды қазір әр адамнан талап етіліп жатқан шектеулерді сақтауға шақырды.

"Тақуалық тек мешітке келіп намаз оқу емес. Намазымызды үйде оқып, өзімізді қоғамнан оқшаулау арқылы біз қоғамға пайдамызды тигізуіміз керек", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов.

imam

Бөлісу: