02
Сенбі,
Қараша

һижри

Мешіт дәрістері ОНЛАЙН режимде жалғасады

Мешіт дәрістері ОНЛАЙН режимде жалғасады

Ел іші
Жарнама

30 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елдегі төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына енгізілген карантинге орай мешіт ұстаздарының дәрістері онлайн түрде жалғасуда, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Алматы Орталық мешітіне қарасты ақпараттық-діни танымдық azan.kz сайтында мешіт ұстаздарының дәрістері Youtube және Instagramm әлеуметтік желілерінде жалғасатыны жайында хабарланды. Ақида, фиқһ, Құран тәпсірі мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянынан дәрістер тыңдағысы келген әрбір азамат онлайн дәріске қосыла алады.

 Хабардың толық мәтіні төмендегідей:

Құрметті мұсылман бауырлар, қала тұрғындары!

Елдегі төтенше жағдай мен Алматы қаласына енгізілген уақытша карантинге байланысты, Алматы Орталық мешіті ұстаздарының дәрістері 27 наурыздан бастап аптаның алты күнінде ақшам намазынан кейін, «Azan.kz» youtube желісіндегі каналы мен instagramm парақшасы арқылы тікелей эфирде жалғасады.

 Онлайн дәріс кестесі:

Дүйсенбі: ұстаз Ерсін Әміре, «Тахауи ақидасы»

Сейсенбі: ұстаз Ерсін Әміре, «Ихья улум ад-Дин (Дін ілімдерін жандандыру)»

Сәрсенбі: ұстаз Еркінбек Шоқай, «Құран Тәпсірі»

Бейсенбі: ұстаз Бауыржан Әлиұлы, «Сира (Пайғамбардың (с.а.у) өмір жолы)»

Жұма: ұстаз Серік Ахметов, «Ханафи фиқһы»

Сенбі: ұстаз Ермек Көкірекбаев, «Рияду ас-Солихин»

«Azan.kz» youtube желісіндегі каналы    https://www.youtube.com/channel/UC7IRI8eIzB9S8WirSZVZweg/live

 Azan.kz_1 instagram парақшасы      https://www.instagram.com/azan.kz_1/?hl=ru

ders1

Бөлісу: