02
Сенбі,
Қараша

һижри

Елорда өкілдігі 2 000 жанға тегін маска таратты (ФОТО)

Елорда өкілдігі 2 000 жанға тегін маска таратты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елорда жұртшылығына тегін маскалар таратылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қаладағы 12 мешіт қызметкерлері және «Сауап» белсенділер тобы мен «SaBellе» cән үйінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы 2 000 жанды қамтыды. 

Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы белсене атсалысып, халыққа тегін маскалар таратумен қатар, жылы лебіздерімен қолдау көрсетуге тырысты.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкерлеріне үндеу жариялап, қиын-қыстау кезеңде қайырымдылық шараларын күшейте түсуге шақырған болатын. 

Игі бастама аясында қазіргі уақытта құлшылық ордалары түрлі шаралар ұйымдастырып, мұқтаж жандарға мейлінше қамқорлық таныту үстінде.

elorda1

elorda1

elorda1

elorda1

elorda1

elorda1

elorda1

elorda1

elorda1

elorda1

Бөлісу: