02
Сенбі,
Қараша

һижри

Елордада қай жерде шанамен сырғанауға болады?

Елордада қай жерде шанамен сырғанауға болады?

Ел іші
Жарнама

5 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қысқы демалыс балалар үшін ең бір қызықты кезең. Әсіресе арнайы төмпешіктерден шанамен сырғығанды бала тұрмақ, ересектер де ұнатады.

Олай болса, сіздер үшін арнайы Нұр-Сұлтан қаласындағы сырғанақтар тізімін ұсынамыз:

Орталық саябақ

Бұл жердегі табиғи сырғанақтан шанамен де, шаңғымен де сырғуға болады.

- Тұран даңғылы, 2

Бейбітшілік және келісім Сарайы
Мұнда нағыз мұзды қала соғылған. Соның ішінде бірнеше арнайы сырғанақтар да бар.⠀
- Тәуелсіздік даңғылы және Байтұрсынов көшесі

Жетісу саябағы
- Сарайшық көшесі 13\1

«Кемал Ататүрк» саябағы
Саябақ ішіндегі мұз айдынынан әріректе орналасқан сырғанақ әрі ыңғайлы әрі қауіпсіз.

- Ташенов көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында


ОССО «Ханшатыр» жанындағы мұзды қалашық
Бұл жерде әдемі сырғанақтармен қатар қазақы үлгіде түрленген Аяз ата мен Ақша қардың және әдемі еліктердің бейнесін де көре аласыз. ⠀
- «Тұран» даңғылы, 37

- Есіл өзенінің жағасында


- EXPO


Green Park демалыс орталығы
Қаладан алыстағысы келген жандар үшін таптырмас мүмкіндік.
Қосшы ауылы, Ишимская 9

Бөлісу: