31 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс секторының ұйытқы болуымен іске қосылған «Намаз – діннің тірегі» атты мобильді қосымшаны 1 миллионға жуық адам жүктеп алды,деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық мәлімдеді.
«ҚМДБ ғаламтормен жұмыс секторы асыл дінімізді насихаттау үшін интернет игілігін үш бағытта пайдалануда. Олар – сайттар мен порталдар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және мобильді қосымшалар. Мобильді қосымшада намаз оқып үйренудің орыс тіліндегі нұсқасы да іске қосылды. Оны 200 мыңға жуық адам жүктеді. Ал қазақша нұсқасын 1 миллионға жуық адам пайдалануда. «Дұғалар жинағы» мобильді қосымшасын да 20 мың адам жүктеді. Мақсатымыз – ақпараттық технологияның мүмкіндігін жамағаттың игілігіне жарату» дейді Мұрат Манапұлы.
Қосымшаларды төмендегі сілтемелер бойынша жүктеуіңізге болады: