25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Астана» медресесінің Қыздар бөлімінде Мәуліт мерекесі атап өтілді

Ел іші
Жарнама

30 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Астана» медресесінің Қыздар бөлімінде Мәуліт мерекесі атап өтілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) туған айына орай, Мәуліт мерекесін атап өту үрдісі қалыптасқан. Осыған орай, ел мешіттері мен медреселерде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Бүгін «Астана» медресесінің «Әлжан ана» мешітінің жанында орналасқан Қыздар бөлімінде Мәуліт мерекесіне орай айтулы рухани шара өтті.

Шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Медреседегі мәдени шараға ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімінің бастығы Бейбіт Мырзагелдиев, «Әлжан» ана мешітінің бас имамы Әділхан Серікбай, «Астана» медресесінің директоры Ибраһим Сматаев, «Астана» медресесі директорының орынбасары Қанат Оңғарбаев қатарлы діни-руханият өкілдері де қатысты.

Мәуліт мерекесіне орай, шәкірттер дайындаған мәдени қойылымдар қойылып, рухани бағдарламалар көрсетілді.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің жанындағы, мешіт ұстазы Әлия Аусағатова жетекшілік ететін Аналар мектебі атсалысты.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: