14 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ аймақтық имамдар форумына қатысқан жазушы, журналист, драматург Жабал Ерғалиұлы жақында ғана қабылданған ҚМДБ-ның «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Осы «Жеті рухани қазықты» ұлттық идеологияның негізі, алтын арқауы есебінде насихаттауымыз керек. Әрбірдесін бұл әрбір отбасының кітабы болуы керек. Жасыратыны жоқ мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жастар арасында осыны оқытып үйрету керек. Бұл бүкіл қазақ даласында, ауыл-ауылдарында кеңінен насихатталып, түсіндірілуі тиіс. Бұл біздің алтын қазығымыз», - деп атап өтті Жабал Ерғалиұлы.
Толығырақ төмендегі бейнематериалда!