27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Дәстүрлі дін дәріптелді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Елорда іргесіндегі «Әс-Сәлам» мешітіне Тараз қаласының бас имамы, білікті исламтанушы Ғазиз Ахмет келіп, жамағатқа уағыз жүргізді.

Дін тақырыбындағы өзекті мәселелер қамтылған кездесуге «Теміржолшылар» елді-мекенінің жамағаты мен мешіт шәкірттері, сондай-ақ ислам құндылықтарын тыңдауға ниетті қала тұрғындары да қатысты.

Ғазиз Ахмет жиылған жамағатқа Құрандағы «Бақара» сүресінің кейбір аяттарының тәпсірлері жайында кеңірек мағлұмат берді. Әр жұма кешінде өткізілетін осындай мән-мағыналы кездесуден кейін «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлы жамағатқа арнап дастархан жайып, салиқалы отырыс жасауды да игі дәстүрге айналдырған. Бұл басқосулар өз кезегінде жамағаттың ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыруға үлкен үлес қосып келеді.

Игі дәстүрге сай дастархан басында жалғасқан жүздесуде исламтанушы Ғ.Ахмет көпшіліктің көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, жамағат ислам құндылықтарын сан ғасырлар салтына айналдырған халық дәстүрлеріне қатысты бірқатар мәселелерге қатысты тұщымды жауаптарға қанықты.

Уағыздан  рухани нәр алған көпшілік келген қонақ имамға және осы игі шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыс-тілектерін білдірді.

Assol1

Assol3

Assol4

Assol5

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: