26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Заңгер түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан, ҚМДБ «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілі Нұрлан Әлжанқұлов Астана қаласындағы «Әс-сәләм» мешітінде болды.

Мешіт қызметкерлерімен өткізілген аталмыш жиналыста ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің мешіттерді ҚМДБ теңгеріміне өткізу жөнінде берген тапсырмасы аясында бірқатар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Заңнамалары мен ҚМДБ Жарғысы аясында мешітке қарасты жер телімдері мен ондағы ғимараттардың орналасу тәртіптеріне тоқталды.  Сонымен қатар, заңгер мешіт жерлерін Діни басқармаға өткізудің қажеттілігі мен біржүйелікке келудің маңызды тұстарын атады.

Айта кетейік, ҚМДБ заңгері С.Даулетияр қаладағы мешіттерде мұнан әрі кездесулер ұйымдастырып, мешіт қызметкерлеріне өз саласына қатысты заңнамалық түсіндірме жүргізетін болады.

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: