Айт мерекесінің алғы шарттарының бірі – қуаныш пен шаттық таныту.
«Ақиқатында, айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық таныту – діннің рәсімдерінен!» («Фатх әл-Бәри» 2/514.).
Айт күндері мұсылманның бір-біріне мейрамды сездіруі сүннет болып саналады. Айт барша мұсылмандардың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін сезінуі тиіс.
Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы Ораза айт мейрамына ерекше дайындалды. Мешітіміздің әйел шәкірттері ораза айт намазынан соң, 2000 адамға ыстық бауырсақ пен ыстық шай тарту етті. Ораза айт намазына келген жамағат нағыз мерекені сезініп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
ummet.kz