25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Қадір түнінде 1000 адамға ауызашар мен сәресі берілді (фото)

«Әл-Фараби»: Қадір түнінде 1000 адамға ауызашар мен сәресі берілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қадір түніне жиылған жамағаттың қарасы көп болды. Алла Тағаланың разылығынан үміт еткен жамағатты мешіт ұжымы үлкен ықыласпен қарсы алды.

Алдымен ақшам намазынан кейін 220 кісіге ауызашар берілді. Сондай-ақ, 150 дана дайын тағамдар салынған Рамазан қорапшалары үлестірілді. Жамағатпен оқылған үтір намазынан кейін мешітке жиылған көпшілікке сәресі беру жағы да назардан тыс қалмады. 640 кісіге арналған сәресі дастарханы жайылып, Рамазан қорапшалары табыс етілді. 

Айта кетейік, бір ай бойы мешіт жанынан берілген ауызашар дастарханына демеуші азаматтар мұрындық болды. Таң намазы оқылғаннан кейін мешітте Қадір түнін қарсы алған жамағат үйлеріне тарасты. Мешіт жамағаты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылықтарын білдіріп, имамдарға алғыстарын білдірді.

30ed64a0 b389 4e89 98d2 874ae02b85c5

e44bbde4 2cf8 410f b038 8d62e3ada771

633a2413 7b9f 4754 a4b3 b708270ce9c0

9b67c76c dd15 49a4 a927 2df95f9dbd7f

651d341c 4001 4198 8159 6f0cb30c35b3

d3062c7b 5ec4 4667 9dcb 21647ca3039d

461b1342 78f2 4900 9d75 46599814afa4

361cbd3a e29c 48cf bdd6 96a8e642406c

ummet.kz

Бөлісу: