25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Қадір түні жамағатқа сый-сияпат үлестірді (фото)

«Әл-Фараби»: Қадір түні жамағатқа сый-сияпат үлестірді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде мың айдан қасиетті Қадір түніне арнайы бағдарлама жасалған болатын. Биыл да қасиетті Қадір түніне жиналған жамағаттың қарасы көп болып, мешіт іші мен ауласына лық толды. 

Алла Тағаланың разылығынан үміт еткен жамағатты мешіт ұжымы үлкен ықыласпен қарсы алды. Мешіттің әйелдер жамағатына мешіт ұжымы атынан ерекше үлгідегі сый-сияпат үлестірілді. Электронды таспихтар мен құрма және Қадір түнінде айтылатын арнайы дұғалар жинағы табыс етілді. 

Мұндағы мақсат – Алла Тағаладан үміт етіп келген әрбір жанның алаңсыз құлшылық жасауына жағдай жасау болатын. Мешіттің әшекейі – жамағат екенін басты назарда ұстайтын, әрдайым жамағатына қуаныш сыйлауға асығатын мешіт ұжымына ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер апалар батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

a9261e80 564d 4010 accc e0d2a62ee534

3b744023 deb3 4998 9f38 7a3b052d7070

3ed2cc99 185b 4cf8 92c6 b1dc93dd14a0

ea0800c5 46b8 43ba b1e5 cc96b8af3fe3

ummet.kz

Бөлісу: